Алматыда өзін-өзі жарып жіберген мүгедектің өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өзін-өзі жарып жіберген мүгедек Роман Поздняковтың танысы Евгений Тюкачев сот алдында жауап беруде.

Сотталушы Евгений Тюкачев ҚР ҚК 251-бабы («Қаруды, оқ дәрілерді, жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша айыпталып отыр. Бүгін аталған дерек бойынша Роман Поздняковтың туған-туыстары, таныстарынан түсініктеме алынды. Қаза болған жігіттің жездесі Беспалов Александр кезінде Романның бірнеше рет өзін өзі өлтіруге ұмтылғанын айтып өтті. «Оншалық маңызы жоқ жағдайлар болды. Қолын кескен, сондай қатты емес. Менің ойынша, ол осының бәрін өзіне назар аударту үшін істеді. Ол бірнеше рет мешітке барды. Кейін ондай әрекетін қойып кетті», - деді А.Беспалов. Сондай-ақ, жездесі Романның есірткі заттарын пайдаланғаны жөнінде қауесеттердің болғанын да растап отыр. Ал істің бас куәгері - Юрий Середин сот отырысына келмеді. Прокурордың айтуынша, оны іздеумен жедел-іздестіру тобы айналысуда. Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 19 мамырда Орбита-4 шағын ауданында орын алған болатын. №6 үйде болған жарылыстан 27 жасар мүгедек жігіт Роман Поздняков қаза болды. Сот отырысы Бостандық ауданының қылмыстық істер бойынша №2 сотында өтіп жатыр. Судья Шәмшиев келесі сот отырысын маусымның 30-ына сағат 14:30-ға белгіледі.

Соңғы жаңалықтар