Алматыда өзін-өзі жарып жіберген мүгедектің өліміне қатысты сот отырысы басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өзін-өзі жарып жіберген мүгедек Роман Поздняковтың танысы Евгений Тюкачев сот алдында жауап беруде. Оған қаза болған жігітке қаруды тауып берді деген айып тағылып отыр. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

Сотталушы Евгений Тюкачев ҚР ҚК 251-бабы бойынша айыпталып отыр.

Оқыс оқиға 19 мамырда Орбита-4 шағын ауданында орын алған болатын. №6 үйде болған жарылыстан 27 жасар мүгедек жігіт Роман Поздняков қаза болған еді.

Сот отырысы қылмыстық істер бойынша Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар