+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда өзгенің үйін паналаған қаңғыбастар өртеніп кетті

2020 жылғы 12 тамыз 11:47
Бөлісіңіз:
Алматыда өзгенің үйін паналаған қаңғыбастар өртеніп кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жер үйден өрт шығып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 11 тамыз күні Түрксіб ауданында болды. Өрт сөндіру қызметіне Волочаев көшесіндегі № 399 үйдің жанып жатқаны жөнінде хабар түнгі сағат 23:29-да түскен.

«Алғашқы өрт сөндіру бригадалары келген кезде екі бөлмелі жер үй өртеніп жатты. Куәгер үйде тұрақты мекені жоқ адамдардың (қаңғыбастар) болуы мүмкін екенін айтты. Өртті сөндіру және тексеру кезінде екі ер адамның мәйіті табылды. Қазір олардың аты-жөн анықталуда»,– деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Анықталғандай, үйдің иесі қазіргі уақытта Алматы облысында тұрады. Үй коммуникациядан толықтай ажыратылған. Өрттен көз жұмған қаңғыбастар терезе арқылы кіріп жүрген. Құтқарушылар бригадасы келген кезде үйдің есігінде құлып тұрған.

Өрт 21 минут ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны ауыздықтауға 21 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмылдырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT