Алматыда өзгенің мүлкін сатып оңай олжаға кенелмек болған ер адам сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өзгенің сеніміне кіріп, мүлкін сатқан алаяқ сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, 2013 жылдың басында Молдабаев А.Халелованың «Дэу Нексия» маркалі көлігін 1500000 теңгеге сатып аламын деп сендіріп, иемденген. Кейіннен Б.Молдабаев Алматы облысы аумағында алдау және сенімге кіру жолымен, «Дэу Нексия» маркалы автокөлікті сатуға құқық беретін А.К. Халелованың жалған сенімхаты арқылы К. Маликоваға сол автокөлікті сатқан. Осылайша ол жәбірленуші А.Халеловаға ірі мөлшерде 1 500 000 теңге сомасында материалдық шығын келтірді.

Сот отырысы барысында Б.М. Молдабаев өз кінәсін мойындап, жасалған іс- әрекетіне өкінетіндігін айтты.

Медеу аудандық сотының үкімімен Б.Молдабаев ҚР ҚК 190 бабының 3 бөлігінің 1 тармағымен (алаяқтық) көзделген қылмыстық іс әрекеті үшін кінәлі деп табылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63 бабының негізінде тағайындалған жаза шартты деп саналды.

Соңғы жаңалықтар