Алматыда өзеннің тасуының алдын алу үшін 1,3 мың текше метр қар мен мұз массасы шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ТЖД қызметкерлері өзеннің арнасынан асып кетуін болдырмау мақсатында кезекшілік жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Демалыс күндері қалалық құтқару қызметі Қарғалы өзенінің арнасынан 1,3 мың текше метр қар мен мұз массасын шығарды.

«109» қызметінің мәлімдеуінше, жақын маңдағы үйлерді су басу қаупі туындаған.

Ауа температурасы төмендеген соң тау өзендеріндегі қар мен мұз құрсауы пайда болып, судың ағынына бөгет болған. Бұл жоғарғы жақта орналасқан үйлерді су басу қаупін туғызды.

Осындай жұмыстар Медеу ауданындағы Тіксай өзенінде де жүргізілді.

Қалалық құтқару қызметінің қызметкерлері бірнеше тәулік бойы өзен суларының деңгейін бақылап отыр.

Бұл жұмысқа «109» құтқару қызметінің 26 қызметкері, 16 бірлік техникасы, «Қазселден қорғау» МКК 5 қызметкері мен 1 техникасы, Әуезов аудандық әкімдігінің 4 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар