Алматыда өздігінен қозғалып кеткен автобус қоршауға соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүргізушісі қол тежегішін тартуды ұмытып кеткен автобус абайсызда жүріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық көлік өздігінен қозғала келе Горный гигант шағын ауданындағы Жамақаев көшесіндегі №202 үйдің қоршауын қиратып тоқтаған.

null№70 автобус жүргізушісінің айтуынша, ол соңғы аялдамаға тоқтап, көлікті өшіріп сыртқа шығып кеткен. Көп ұзамай-ақ, автобус өздігінен еңіске қарай құлдилай жөнелген.

Жүргізушісі көліктің қол тежегішін тартуды ұмытып кеткенін мойындады. Абырой болғанда, көшеде жүргіншілер болмаған. Сол себепті ешкім зардап шекпеді. 
nullnull

Соңғы жаңалықтар