Алматыда өз бетінше жер иеленген 644 тұрғынға учаскесін заңдастыруға руқсат берілді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл басынан бері жер комиссиясының сегіз отырысы өтті. Соның аясында, комиссия мүшелері қала тұрғындарынан түскен 3 мыңнан астам өтінішті қарады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингі барысында қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, жыл басынан бері жер комиссиясының 8 отырысы өтті. Онда 3 128 өтініш қаралып, 2 075 өтініш бойынша оң шешім қабылданды. Азаматтардың басым бөлігі жер учаскелерін заңдастыру, жалға алуды ұзарту, жер телімі үшін жалдау ақысын есептеу бойынша жүгінді.

«Жер қатынастары басқармасының маңызды шешімі әлеуметтік мәселелер болды. Өңірлік коммуникациялар қызметі бұрын өз бетінше иеленіп алған тұрғындарға жер құқығын берді. 644 отбасына жер учаскелерін заңдастыруға рұқсат алды. Яғни, жерге құқық құрылысты заңдастыруға, тіркеуге алуға және атаулы әлеуметтік көмек алуға мүмкіндік берілді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар