Алматыда ойыншық машинаға мініп, көше аралаған жүргізуші жазалана ма

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балалардың электромобилін тізгіндеп, қала көшелерін аралаған жігіт жауапкершілікке тартылмайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

Видео Іnstagram-дағы ZTB паблигінде жарияланды. Желі қолданушылары жүргізушінің бірнеше рет «ереже бұзғанын» байқап қалған. Атап айтқанда, «жүргізуші» мемлекеттік нөмірсіз, қауіпсіздік белдігін тақпай жүрген. Көшеге бұрылатын тұсының фарын жақпай шыққан.

Полиция бұл видеоны зерттеп шықты.

«Оның әрекетінде құқықбұзушылық құрамы жоқ. Оған заң бойынша жауапкершілік қарастырылмаған. Бірақ, көлік жиі жүретін ірі көшеге ойыншық машинамен шығу - адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті. Бұл жігіт басқалардың өмірі үшін де алаңдауы тиіс», - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, полиция роликті түсірген авторды іздеген жоқ. Себебі, оның да әрекетінде заң бұзатын ештеңе жоқ.

Соңғы жаңалықтар