Алматыда ойын терминалдарын жою жұмыстары жалғасуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 4 қылмыстық іс бойынша шығарылған соттың үкіміне сәйкес, 41 ойын терминалы жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын терминалдарын Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері сот орындаушыларымен бірлесіп жойды. Бұл ойын автоматтары Алматы қаласының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында тәркіленді.

«ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңына сәйкес, казино мен ойын автоматтарына арналған залдар арнайы ойын аймақтарында орналасуы керек. Қазақстанның басқа аумақтарында казино мен ойын автоматтары залын орналастыруға тыйым салынады. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша жауапқа тартылады», - деп хабарлады Экономикалық тергеу департаментінде.


Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар