Алматыда өтетін республикалық шахмат турнирінде 150 оқушы бақ сынайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дарынды балаларға арналған Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінде халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогына Х республикалық шахмат турнирінің ашылу салтанаты өтті.

Турнирге 150 оқушы қатысуға ниет білдірді. Оның ішінде Ресейдің Челябі облысынан келген «Вертикаль» командасы бар.

Командалар 9, 13, 17 жас категориясында өнер көрсетеді.

Турнир швейцариялық жүйе бойынша 9 кезеңнен тұрады. Қазылар коллегиясы ұлдар мен қыздар арасындағы әр ойыншының нәтижесін тіркеп, кейін жалпы командалық ұпай есебін шығарады.

«Дарын» ғылыми-практикалық мектебінің директоры Шолпан Қирабаеваның айтуынша, шахматтық турнирде қазақстандық оқушылар лайықты өнер көрсетуі тиіс. Олар математикадан өткен әлемдік олимпиадада 23 орынға табан тіресе, информатикадан 8, химия пәнінен 15, физика пәнінен 8-орында тұр.

Жеңімпаздар Дәрмен Сәдуақасовтың кубогын иеленеді. Турнир жеңімпаздары 1,2,3 орындарға арналған дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болмақ.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 10 қарашада Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінде өтеді.

Соңғы жаңалықтар