+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Алматыда өтетін «Әлем барысына» 30 елден балуандар келеді

2019 жылғы 1 желтоқсан 23:45
Бөлісіңіз:
Алматыда өтетін «Әлем барысына» 30 елден балуандар келеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін, 2 желтоқсанда Алматы қаласы, «Балуан Шолақ» спорт сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған Қазақ күресінен абсолюттік «Әлем барысы» әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін дамыту және қолдау қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХЛ: «Барыс» «Авангард» командасынан басым түсті Ақмолалық баскетболшы қыздар Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды Ауыр атлетика: Илья Ильин Катар кубогына қатысады

Чемпионат Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын дамыту, шет елдерде қазақ күресін дамыту барысындағы ынтымақтастық пен өзара байланысын нығайту, қазақ күресін халықаралық деңгейде одан әрі жетілдіру, насихаттау және беделін көтеру, қазақ күресінен «Әлем барысын» анықтау мақсатын жүзеге асырады.

Төртінші рет өтетін бәсекеге 30 елден 33 балуан қатысады. «Әлем барысы» атануға АҚШ, Аустралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения,Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Япония секілді елдердің және Қазақстанның атақты балуандары қатысады.

Бұл сында еліміздің намысын А.Нұғымаров (ШҚО), Р.Әбдіразақов (Алматы қаласы), М.Исағабылов (Қызылорда облысы), Н.Жарылғапов (Маңғыстау облысы) сынды балуандар қорғайды.

«Әлем барысы» чемпионаты 2 желтоқсанда 13:00-де балуандардың жеребе тарту рәсімінен басталмақ. Шара аясында көрермендерге спорттық сайыстармен қатар қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

«Әлем барысы» чемпионатының биылғы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаз атанған балуанға 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орын иегеріне 6 млн теңге және үшінші орын иегеріне 3 млн теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады. Ал, «Жеңіске деген жігері үшін» атанған спортшыға 1 млн теңге беріледі.

Сондай-ақ, жылдағы дәстүрге сай жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады. Билеттер zakazbiletov.kz сайтында сатылуда. Бағасы 500 теңге мен 2000 теңге аралығында.

Чемпионатты Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР қазақ күресі федерациясы және «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін дамыту және қолдау қоры ұйымдастыруда. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ, «ORDA-INVEST» Корпорациясы және «Сәтті жұлдыз» АҚ демеушілік жасайды.

Чемпионаттың ақпараттық серіктестері Qazaqstan, Qazsport телеарнасы. Чемпионаттың ресми ақпараттық ресурсы qazaqstanbarysy.kz сайты, қосымша ақпарат «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының әлеуметтік желілердегі ресми өкілдіктерінде таратылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT