+7 (701) 759 90 19
USD 378.86 EUR 416.78
RUB 6.06 CNY 54.62
Jańalyqtar

Алматыда өтетін «Әлем барысы» чемпионатының жүлде қоры 20 млн теңгені құрайды

2019 жылғы 28 қараша 14:54
Бөлісіңіз:
Алматыда өтетін «Әлем барысы» чемпионатының жүлде қоры 20 млн теңгені құрайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2 желтоқсан күні Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған қазақ күресінен абсолютті «Әлем барысы» чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін дамыту және қолдау қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Дәурен Абаев: «Әлем барысы» қазақ күресін Олимпиада ойындарына қосу жолындағы ауқымды жобалардың бірегейі Алматыда «Әлем барысы» басталды Тараздағы халықаралық турнирде балуандарымыз 17 медаль олжалады

Чемпионат Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын дамыту, шет елдерде қазақ күресін дамыту барысындағы ынтымақтастық пен өзара байланысын нығайту, қазақ күресін халықаралық деңгейде одан әрі жетілдіру, насихаттау және беделін көтеру, қазақ күресінен «Әлем барысын» анықтау мақсатында жүзеге асырады.

Төртінші рет өтетін бәсекеге 30 елден 33 балуан қатысады. «Әлем Барысы» атануға АҚШ, Австралия, Азербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения,Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Япония секілді елдердің және Қазақстанның атақты балуандары қатысады.

Бұл сында еліміздің намысын А.Нұғымаров (ШҚО), Р.Әбдіразақов (Алматы қаласы), А.Сейтен (Нұр-Сұлтан қаласы), Н.Жарылғапов (Маңғыстау облысы) сынды балуандар қорғайды.

«Әлем барысы» чемпионаты 2 желтоқсанда 13:00-де балуандардың жеребе тарту рәсімінен басталмақ. Шара аясында көрермендерге спорттық сайыстармен қатар қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

«Әлем барысы» чемпионатының биылғы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаз атанған балуанға 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орын иегеріне 6 млн теңге және үшінші орын иегеріне 3 млн теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады. Ал, «көрермен көзайымы» атанған спортшыға 1 млн теңге беріледі.

Сондай-ақ, жылдағы дәстүрге сай жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады. Билеттер zakazbiletov.kz сайтында сатылуда. Бағасы 500 теңге мен 2000 теңге аралығында.

Чемпионатты Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР қазақ күресі федерациясы және «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін дамыту және қолдау қоры ұйымдастыруда. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ, «ORDA-INVEST» Корпорациясы және «Сәтті жұлдыз» АҚ демеушілік жасайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT