Алматыда отбасына зәбір көрсеткен 26 агрессор мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының жергілікті полиция қызметі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, құқық бұзушылықтар туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторына жеке қабылдауға 173 әйел жүгінген.

Олар бойынша алдын алу сипатында 139 шара қабылданған. 9 әйел уақытша баспанаға орналастырылды, 15 әйел дағдарыс орталығына жіберілді.

«Түрксіб ауданының учаскелік полиция инспекторлары отбасылық жанжалға қатысты 524 қорғау нұсқамасын шығарды, адамның мінез-құлқына 28 ерекше талап белгіленді, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 193 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 26 агрессор мәжбүрлеп емдеу орындарына орналастырылды. Тәжірибе көрсеткендей, агрессорлар - көбіне алкоголь, есірткі, құмар ойын, радикалды діни ағымды жақтаушылар, патологиялық қызғаныштан зардап шегетін адамдар»,- дейді жергілікті полиция қызметі.

Қазіргі таңда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі 15 үкіметтік емес ұйыммен, оның ішінде баспанасы бар орталықтармен өзара тығыз іс-қимыл жасайды.

Айта кетейік, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары жұмыс күндері жұмыс уақытында және кез келген уақытта 102 нөмірі бойынша қолжетімді 298-54-25 сенім телефонына жүгіне алады.


Соңғы жаңалықтар