Алматыда отбасылық спартакиада өтті

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бастамасымен отбасылық спартакиада өтті.

Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған шараға қаланың 5 ауданынан 8 отбасы қатысты. Олар қаппен секіру, баскетбол, теннис, жұптасып жүгіру сынды спорттық ойындар бойынша бақ сынасты.

«Бұл шара қалалық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының бастамасымен жүзеге асты. Негізгі мақсаты - дені сау, белсенді отбасы құндылығын қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі таңда отбасы мәселесінің маңызы зор. Өздеріңіз білесіздер, былтыр Елбасы «Отбасы күні» мейрамын бекіткен болатын. Еліміздің тірегі - мықты, дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын отбасы болып табылады. Сондықтан, біздің орталығымыз жыл сайын осындай шара ұйымдастырып тұруды дәстүрге айналдырып келеді», - деді қалалық салауатты өмір салтын қалыптасту орталығы ағарту бағдарламалары бөлімінің маманы Әсел Өмірбекова.

Жарыс қорытындысына келсек, сайыста Медеу ауданының «Жас қыран» командасы топ жарды. Екінші орынды «Сұңқар» командасы, үшінші орынды «Жеңіс» командасы еншіледі. Жеңімпаздар бейнекамера, фотоаппарат сынды бағалы сыйлықтарға ие болды.

Соңғы жаңалықтар