Алматыда «Отбасы күніне» орай өтетін велошерудің маршруты өзгертілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 12 қыркүйек күні Алматыда «Отбасы күні» мен «Тур Алматы - 2014» кәсіби веложарысын қолдау аясында өтетін велошерудің маршруты өзгертілді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Велошеруге қатысушылар кешкі сағат 20.30-да Республика алаңында жиналып, 21.00-де қозғалысты бастайды. Сәтбаев көшесімен жүріп отырып, Розыбақиев көшесіне түседі. Мәре сызығы «Мега-2» сауда үйінде аяқталады», - делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар велошеруге қатысушыларға жарыс аяқталған соң түрлі сыйлық үлестірілетіндігін де айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар