Алматыда отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтіп жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 5 отандық тауар өндірушілердің жыл сайынғы «ULTTYQ ÓNIM» көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін көрменің ашылуына қала әкімі Ерболат Досаев қатысты.

«Ulttyq Ónim» көрмесін өткізу – Алматы мен жалпы ел үшін маңызды оқиға. Алматыда бүгінде шағын және орта бизнес қалалық жұмыспен қамтудың 87% үлесін ала отырып, қала экономикасының 57,5% құрайды. Өткен жылы ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 15,7 трлн теңгеге жетіп, 31,1% өсімді көрсетті.

Сондай-ақ қалада жыл басынан бері іскерлік белсенділіктің айтарлықтай өсуі байқалады. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында іскерлік белсенділік индексінің деңгейі бойынша (57,9%) Алматы Қазақстан өңірлері арасында бірінші орынға шықты. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 23,9% артты.

Сонымен бірге мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында басым бағыттағы 3 мыңнан астам жобаны қолдау үшін биыл 44 млрд теңге бөлінді», - деді Ерболат Досаев. Айта кетейік, «ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне 300-ден астам отандық, оның ішінде 30 алматылық компания қатысады. Олар тамақ, құрылыс, жиһаз, тоқыма өнеркәсібі, кәдесый және тағы да басқа өнімдер өндіреді. Көрме 5-7 мамыр аралығында «Атакент» орталығының 11-ші павильонында өтеді.


Соңғы жаңалықтар