Алматыда оталған ағаштардың орнына 53 қылқан жапырақтылар отырғызылатын болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Өтеген батыр көшесіндегі су құбырын жаңғырту барысында оталған ағаштар орнына екі есе артық тал отырғызылатын болады. Бұл туралы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасынан хабарлады.

Басқарманың хабарлауынша, құрылыс жұмыстарына байланысты инженерлік компанияға көше бойындағы жасыл желекті отауға тура келді. Онсыз Әуезов ауданын суық сумен қамтитын су құбырын жаңғырту мүмкін емес. Аталған нысан пайдалануға 50 жыл бұрын берілген екен.
Тозығы жеткен су құбырының бойында соңғы уақытта апатты жағдай жиілеп кеткен.
Басқарма мәжбүрлі қазу жұмыстарына байланысты аталған аймақтағы бірнеше ағашты отауға рұқсат берді.
Енді бұл жерде 25 қарашаға дейін мердігер ұйым биіктігі 3 метрден кем болмайтын 53 қылқан жапырақты ағаш отырғызуға мәжбүр болып отыр.

Соңғы жаңалықтар