Алматыда осы уақытқа дейін орталық су желісіне қосылмаған бірнеше ауданға су келеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Медеу ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту - өзекті мәселенің бірі. Бұл туралы Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің айтуынша, Думан ықшамауданында сорғы станциясы мен көлемі 1800 текше метр болатын 2 резервуар қайта жаңғыртылып жатыр.

Жұмысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың қараша айында Юбилейный (265 абонент) ықшамауданында 1,2 км канализация желілерін қайта жаңғырту, үш көше (Горная көшесі, Батурин көшесі және Бегалин көшесі,129 абонентті қамтиды) бойынша 1,4 км су құбыры желісінің жұмыстары аяқталады.

Бұл жұмыстар Коккинаки, Луганский және Елебеков көшелерінде жалғасып, 2023 жылдың екінші тоқсанында аяқталады.

Қала әкімі Кеңсай ықшамауданында су құбыры және канализация желілерін салу жобасы бойынша конкурс өткізіліп, мердігер анықталғанын айтты.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы 2023 жылдың көктеміне жоспарланған.

«Каменское плато ықшамауданында сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жоқтығына қатысты мәселелерді шешу үшін зерттеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша қазіргі жобаны құрылыс материалдарының қымбаттауына, сондай-ақ таулы жерлердің күрделі рельефіне байланысты су құбыры және канализация желілерін салу бойынша түзету жөнінде шешім қабылданды. Құрылысты 2023 жылдың көктемінде бастауды жоспарлап отырмыз», - деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, су көзімен қамтамасыз ету үшін Мұзтау және Көлсай ықшамаудандарында «Балқаш» ЖБҚ-да НС-2 кеңейту жобасын әзірлеп жатыр.

Сондай-ақ Мұзтау мен Көлсай ықшамаудан жалпы ұзындығы 3,8 км құрайтын магистралды су құбыры желісін қосатын құрылыстың ЖСҚ әзірленіп жатыр, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы 2023 жылдың II тоқсанына жоспарланған.

«Сонымен қатар жыл соңына дейін Сұлусай ықшамаудандағы сумен жабдықтау желілерінің құрылысына және 2 ұңғыманы бұрғылауға ЖСҚ әзірлеу аяқталады. ҚМЖ-ға келесі жылдың көктемінде кірісуді жоспарлап отырмыз», - деді Ерболат Досаев.

Соңғы жаңалықтар