Алматыда өрттен жапа шеккен тұрғындарға уақытша тұрғынжай берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өрттен жапа шеккен тұрғындар уақытша №142 мектептің ішіне орналастырылды. Бұл туралы қалалық «Құтқару қызметі» МКК баспасөз қызметінің жетекшісі Гаухар Нөкербекова айтты.

«Төтенше жағдайдың ауқымдылығын ескере отырып, Түрксіб аудандық әкімдігі өрттен жапа шеккен тұрғындарға №142 мектептің жанынан уақытша тұрғынжай ұйымдастырды. Құтқару қызметі 150 жатын орын жасақтады», - деді ол. Маманның айтуынша, өрт 400 шаршы метр аумақты шарпыған. «Тілсіз жау тұрғын үйдің конструкциясы мен жоғарғы қабатта орналасқан пәтерлерге зақым келтірді. Өрт кезінде үйден 75 адам, оның ішінде 15 бала қауіпсіз жерге көшірілді», - деді ол. Айта кетейік, бүгін «Жұлдыз-1» ауданында 5 қабатты үйдің жоғарғы мансарды өртеніп, 6 отбасы баспанасыз қалды. Төтенше жағдай жайлы хабар ТЖД кезекші пультіне күндізгі 11:36-да түскен болатын. Қызыл жалын 6 пәтерді шарпыған.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі өрттің аумағы мен шығу себептерін әлі анықтап жатыр. Оқиға орнына жедел жеткен Түрксіб ауданының әкімі Владимир Устюгов жапа шеккен отбасылардың тиісті өтемақы алатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар