Алматыда өрттен 55 жастағы азамат құтқарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құтқарушылар өрт шыққан үйден 55 жастағы ер адамды алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 тамыз күні сағат 18:38-де «101» пультіне пәтердің жуынатын бөлмесінен өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндіруші техника оқиға орнына 18.44-те жетті. Құтқарушылар пəтерді сүзіп шығып, қою түтін арасынан ес-түссіз жатқан адамды байқаған. Өрт сөндірушілер 55 жастағы ер кісіні көтеріп, таза ауаға шығарған. Оған оттегі құрылғысын кигізіп, медицина қызметкерлеріне тапсырған»,-деді Алматы ТЖК ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Белгілі болғанындай, 4 қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатындағы пəтердің жуынатын бөлмесі өртенген. Өрт сағат 18.46-да сөндірілді. Жалын 1 шаршы метр аумақты шарпыған.

Соңғы жаңалықтар