Алматыда өрттен 5 адам қаза тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жекеменшік үй өртеніп, 5 адам ажал құшты. Оқиға кешкі сағат 20.46-да болған. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қабырғасы қамыстан жасалған баспананың терезелері темір тормен қапталған екен. Өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыды.
Оқиға орнында 4 ер адам мен бір әйелдің мүрдесі табылды. Полицияның хабарлауынша, қаза болған үй иесі осы уақытқа дейін ішімдікке салынып келген. Басқа адамдардың кім екендігі қазір анықталуда.

Соңғы жаңалықтар