Алматыда өртенген үйден ер адамның мүрдесі табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өртенген үйден ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.

Оның айтуынша, Медеу ауданы, Шоқай көшесі, 202 мекен жайы бойынша үйден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама 101 нөміріне 18:30-да түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер хабарлағандай, үйдің жертөлесінде диван өртеніп кеткен. Оның үстінде ер адамның мүрдесі табылды. Əзірге оның кім екендігі анықталып жатыр. Іс материалдары қалалық ІІД- ге тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар