Алматыда өртенген үйден 8 адам құтқарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өртке оранған тұрғын үйден 8 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Бұл туралы қалалық ТЖД-ның баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Оның айтуынша, Медеу ауданында Мұқағали Мақатаев көшесінің бойындағы тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түнгі 00:11-де түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жеткен. Олар тілсіз жаудың көрші пәтерлерге көшуіне жол бермеді. Жалын 00:26 минутта сөндіріліп, толықтай ауыздықталды.
null

Оқыс оқиға салдарынан тұрғын үйден 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өртенген пәтердің үстіндегі қабаттан өрт сөндірушілер 8 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды.null

Соңғы жаңалықтар