Алматыда өртенген тұрғын үйден шекарашы екі адамды құтқарып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2040 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, подполковник Василий Москалев тұрғын үйдегі өртті сөндіріп, екі адамды өлімнен арашалап қалды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Василий Москалев өртеніп жатқан үйден ес-түссіз жатқан екі адамды шығарып қана қоймай, оларға алғашқы көмек көрсеткен. Куәгерлердің айтуынша, одан кейін шекарашы өртті сөндіруге көшкен. Өрт сөндірушілер келген кезде қызыл жалын өшіріліп болған еді. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Алматы қаласындағы пәтер иелерінің «Еңбек» кооперативі және Сүйінбай даңғылындағы № 269 үйдің тұрғындары әскери қызметшінің көмегіне дән риза. Олар ҚР ҰҚК мен Шекара қызметінің басшылығына алғыс хат жазып, кез-келген сәтте адамдарға көмек көрсетуге дайын осындай офицер дайындаған мекемеге өздерінің шексіз ризашылықтарын білдірген.

Соңғы жаңалықтар