Алматыда өртенген көлік жөндеу орнынан 9 баллон шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда отқа оранған көлік жөндеу орнынан өрт сөндірушілер 6 оттегі баллоны мен 3 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД-ның баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, Райымбек даңғылында орналасқан нысанның екінші қабаты өртенген. Нақтылағанда, қоймадағы қосалқы бөлшектер жанып кетті.

Өрт сөндірушілер жалынның жапсарлас тұрған ғимараттарды шарпуына жол бермеді.

«Оқиға орнынан 6 оттегі, 3 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт 11:31-де толық сөндірілді. Қызыл жалын 160 шаршы метр аумақты жарамсыз етті. Өрттен ешкім жапа шеккен жоқ», - деді С.Баймұхамбетова.

Соңғы жаңалықтар