Алматыда өртенген барақ үйден 84 жастағы қарияның мүрдесі табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үш отбасы тұратын барақ үйден өрт шықты. Өрт сөндіру барысында 1931 жылы туған әйел адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Түрксіб ауданы, Кипринский 12 мекенжайы бойынша үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскі 14:12-де түскен. Тілсіз жау түпкі бөлмеден тұтанып, үйдің шатырына дейін жалпы көлемі 130 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндіру барысында үйден 84 жастағы Р. Шевченконың мүрдесі табылды.

Іс материалдары ІІД-ге тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар