+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Алматыда өртенген автобус: Автопарк оқиғаға қатысты ақпарат таратты

2019 жылғы 24 қазан 10:37
Бөлісіңіз:
Алматыда өртенген автобус: Автопарк оқиғаға қатысты ақпарат таратты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өртенген №32 бағыттағы жолаушылар автобусы туралы «АлматыЭлектроТранс» ЖШС толық ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Yutong» маркалы №32 бағыттағы автобус Қытай елінде құрастырылған, 2014 жылы қолданысқа берілді. Бүгінгі төтенше жағдайға дейін қоғамдық көлік қанағаттанарлық жағдайда жүріп тұрған», – деп хабарлады «АлматыЭлектроТранс» серіктестігі.

Таңертең тәртіп бойынша автобусты парк механигі техникалық тексеруден өткізді. Содан кейін қоғамдық көлік кесте бойынша жолға шығу үшін соңғы аялдамаға кеткен.

«Әл-Фараби даңғылында, Жароков пен Водозаборная көшелерінің қиылысында қоғамдық көліктің «чек» майы тұтанған. Жүргізуші мән-жайды анықтау үшін автобусты тоқтатып, тексермек болған. Сол кезде өрт өрши түскен. Сосын өрт сөндірушілерді шақырған»,– деп қосты ведомства.

Өрт сөндірушілер келгенше, жүргізуші қызыл жалынды өз бетінше сөндіруге кіріскен. Ол бес өрт сөндіру құрылғысын қолданған. Қоғамдық көлікте жолаушылар болған жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.

Қоғамдық көлік толықтай өртеніп кетті. Жарамсыз, тек қаңқасы қалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға, Қоғам, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT