Алматыда Орталық мәдени және демалыс саябағы қалай түрленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қайта жаңарған Орталық мәдени және демалыс саябағын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарушы компания жаңа фонтан, спорттық және балалар алаңдарын салу үшін өз қаржысы есебінен 1,6 млрд теңге инвестициялаған.

Орталық саябақ аумағында жарық бағаналары, асфальт, тротуар плиткалары жаңарған, навигация құралдары орнатылып, жасыл желек отырғызылды.
null null 

Бұрын көлік тұрағы орналасқан жерде спорт алаңдары, стрит-воркаут, баскетбол және футбол алаңдары, роллердром мен скейтодром пайда болған.

Жазғы сахнаның шығыс жағында алма бағы инсталляциясымен жаңа субұрқақ іске қосылды. Бұдан бөлек, 10 жыл бойы жұмыс істемей тұрған ескі фонтан да қайта жөнделді.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік принципі бойынша 1990-шы жылдары жабылып қалған «Велотрек» қайта жасалып жатыр.

Келер жылдан бастап саябақта балалардың жаңа қалашығын құру жоспарланған.
null null 

«Мұнымен қоса, Медеу ауданының әкімдігі Орталық саябаққа алып баратын  Гоголь көшесін абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу барысында тротуарлар жаңарып, көше жиһаздары қойылады. Бұрын қаланың тарихи орталығын реконструкциялау кезінде Қалдаяқов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі Гоголь көшесінің бір бөлігі жаңарған еді», - делінген қала әкімдігінің ақпаратында.

Айта кетерлігі, жалпы Алматыда биыл 524 көше жөнделіп, 1400 ескі аула жаңарды. 300 км арық салынып, 800 км инженерлік желі тартылды.

Қаладағы барлық жерасты өтпе жолдары жаңарды.

Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады, ал жаңарған қоғамдық көліктің үлесі 87% жетеді.
null 

Соңғы жаңалықтар