Алматыда Орталық Коммуникациялар қызметінің бөлімшесі ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Орталық Коммуникациялар қызметінің бөлімшесі ашылды. Жаңадан ашылған бөлімшеде алғаш рет Алматы және Алматы облысы бойынша кіші ассамблея өкілдерінің қатысуымен форум өткізілді.

Аталмыш шараға қатысып отырған Қазақстандағы түрік диаспорасының өкілі Қазақбай Таштеміровтің айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы халық пен билік арасындағы алтын көпір болып саналады. «Бүгінде береке мен бірліктің символы болған қазақтың қасиетті жерінде тамыр жайған 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өзара жарастығы мен келісімнің одан әрі дамуында Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып отырған рөлі зор. Қоғамдық ұйымдар мен халық арасында алтын көпір іспеттес ассамблея бүгінде саяси, белсенді біріктіруші күшке айналып отыр. Бұл ұйым еліміздің дамуына лайықты үлес қосқаны үшін осы азаматтық институтты одан әрі дамыту қажет екендігіне көз жеткізіп отыр», - деді Қазақбай Таштеміров. Оның айтуынша, Қазақстанда қалыптасқан ұлтаралық қатынас моделі әлемде баламасы жоқ.

«Қазір қай елді қарасаңыз да, ұлтаралық қатынастар шиеленісіп отыр. Жаһандық деңгейде осындай үрдістер дамуда. Біздің елдегі қалыптасқан достастық үлгісі қазіргі таңда өзінің тиімділігі мен пайдалылығын бар әлемге паш етіп отыр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар