Алматыда Орталық Азияның қаржылық хабы құрылады - ҚР Ұлттық банк төрағасы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Орталық Азияның қаржылық хабын құру қаржылық даму тұжырымдамасының негізгі басым бағыты болып табылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов айтты.

«Қаржылық даму тұжырымдамасында Алматыда Орталық Азияның қаржылық хабын құру туралы баса айтылған. Қаржы орталығына айналу үшін белгілі бір салада мамандану қажет. Мысалы, әлемде Бахрейн, Малайзия сынды ислам қаржы орталықтары бар. Жақында Лондон қаласы ислам қаржы орталығына айналуға ниетті екенін білдірді», - деді Қайрат Келімбетов. Бас банкир Қазақстанның айналасында өмір сүріп отырған 70 млн. халықтың тарапынан ислам қаржы өнімдеріне деген сұраныстың мол екендігін айтып өтті. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы елден жылыстап кетіп жатқан қаражат ағынымен күрес жайлы пікірімен бөлісті. «Менің ойымша, тыйым салудан гөрі ынталандыру тәсілінің ықпалы көп. Мемлекет басшысы жақында 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қаржылық капиталды заңдастыруға мүмкіндік берді. Сол уақыттан бастап тыйым салу шаралары басталады», - деді бас банкир.

Соңғы жаңалықтар