Алматыда Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрмесі ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдан Орталық Азия қолөнер шеберлерінің «Қызғалдақтар гүлдегенде» дәстүрлі көрме-жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда наурыздың 3-4 күндері ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сән-қолданбалы өнер орталығы мен бірлесіп қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмекеңесін ұйымдастырып отыр. Көрме 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі тақырыбында ұйымдастырылған. Шараға Қазақстанның барлық өңірінен және Қырғыз елі, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Моңғолиядан 100-ден астам шебер өз туындыларын алып келген. 

null 

«Көктемгі мерекенің белгісі - қызғалдақтар. 8 наурыз жақындап қалды. Көктемнің осы бір шуақты мерекесі арқылы біз қыз-келіншектерге мейірім мен шаттық тарту етеміз», - деді «Бақыт» сән-қолданбалы өнер орталығының қызметкері Күнсұлу Әбдіқаріп.

null 

Жәрмеңкеде кәдесый, киізден, жібектен жасалған бұйымдар, кілемдер мен зергерлік әшекейлер, қыш ыдыстар қойылған.

null 

Кәдесыйлардың құны 20 доллардан басталып, 1000 долларға дейін бар. 

null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар