Алматыда Орталық Азия елдерінің гастроэнтерологиялық конгресі басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда VI Халықаралық «Орталық-Азиялық гастроэнтерологиялық апта-2019» конгресі басталды. Ауқымда шарада мамандар асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеу мен алдын алу мәселелерін талқылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конгреске 500-ге жуық дәрігер қатысуда. Олардың ішінде 95-сі шет елден келді. Гастроэнтерологтар, терапевттер, инфекционистер, жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, онкологтар, зертханалық және функционалдық диагностика саласындағы мамандар асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеу және төмендету жолдарын қарастырды.

«Асқорыту органдарының аурулары мүгедектік пен өлімдер статистикасына негізігі үлесін қосатын аурулардың бестігіне кіреді. Бұл дерт дүниежүзілік қоғам денсаулығына қауіп төндіреді.Сондықтан бұл үлкен мәселе. Гастроэнтерология саласында аз инвазивті және хирургиялық көмек көрсету оның ішінде бауыр трансплантациясы ерекше назарға алынбақ. Шетелдік әріптестерміз клиникалардағы жаңашыл емдеу тәсілдері мен оларды еңгізу туралы ақпаратпен бөліседі»,-деді С.Ж Асфендияров атындағы ҚазҰМУ гастроэнтерология кафедрасының меңгерушісі Александр Нерсесов.

Конгреске келген дәрігерлерді ішек аурулары да алаңдатып отыр. Дүниежүзі бойынша ойық жара мен кронға шалдығатын адамдардың саны жыл санап артып келеді.

Диспансерлік науқастар тіркелімінің дерегіне сәйкес, Қазақстанда крон аурумен -555 адам, ойық жаралы колитпен -2218 науқас есепке алынған. Бұл тек ресми тіркелгендер. Сондықтан науқастар саны бұдан да көп болуы мүмкін.

«Ішектің қабыну ауруларын емдеу терапиясының негізін аминосалицил қышқылдары, жергілікті және жүйелі кортикостероидтар, иммунодуляторлар, сондай-ақ көмекші дәрілік құралдар-антибиотиктер, темір және кальций препараттары құрайды. Елімізде ішектің қабыну ауруына шалдыққан науқастарды емдеу және биологиялық терапияны жүргізу тегін. Қазіргі кезде ІҚА ауыратын науқастардың 2%-ы ғана биологиялық терапия алады. Басқа мемлекеттерде бұл көрсеткіш 15-30%-ға дейін жетеді»,-дейді Ішекті зерттеу жөніндегі Қазақ ғылыми қоғамының төрайымы Жәмилә Қайбуллаева.

Халықаралық конгресс жұмысы бір аптаға созылады. Шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақ ұлттық медицина университеті, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, бауырды зерттеу бойынша Қазақ қауымдастығы, Ішек ауруларын зерттеу жөніндегі қазақ ғылыми қоғамы ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар