Алматыда Орталық Азия елдерінің экономикалық серіктестігі және аймақтық ықпалдастығы қаралады

None
None
АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қарашаның 13-де Алматыда «Орталық Азия елдерінің экономикалық серіктестігі және аймақтық ықпалдастық: ашық ынтымақтастық диалогы» атты халықаралық форум өтеді.

Бұл туралы бүгін елордада өткен дәстүрлі апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға, Орталық Азия, жақын және алыс шетел мемлекеттерінің саясаткерлері, экономистері, сарапшылар қауымы қатысады.

 Форумның мақсаты - аймақтағы елдер арасында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың жаңа жолдарын қарастыру, аймақтық ықпалдастық ерекшеліктері жөнінде қауымдастықты хабардар ету.

Шара аясында  жекелеген секциялар дағдарыстан кейінгі Орталық Азия елдерінің  ықпалдастығының экономикалық аспектісі, су-энергетикалық, аймақтық сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы, сонымен қатар олардың мәдени-гуманитарлық байланыстары қарастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар