Алматыда Орталық Азия документалистері бас қосты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Бірінші Орталық Азия деректі кино форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мәліметінше, форумның ашылу салтанатында академия ректоры Асхат Маемиров, Шакен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті, режиссер Бақыт Қайырбеков және бірқатар кино мамандары  сөз сөйлеп, көрсетілетін фильмдерге қысқаша тоқталды.

«Бірінші Орталық Азия деректі кино форумын өткізудегі мақсат - түп-тамырымызды, ұлт­­­тық тарихымызды тереңінен зерделеп, деректі фильмдер арқылы кино кеңістігіне шығару. Академияның «Кино және ТВ» факультетінде деректі фильм режиссурасы нақты жүйелі түрде жолға қойылған. Еліміздің рухани құндылықтарын дәріптейтін деректі фильмдер әлемдік деңгейде үлкен мәнге ие. Жиынға Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан жоғары деңгейдегі білікті режиссерлер келіп отыр. Жалпы, деректі фильм арқылы тарихи тұлғаны қандай мәліметтер арқылы көрерменге ұсынуға болады? Осы орайда, форум барысында екі фильмнің  тұсаукесері өтеді. Біріншісі - өзбек режиссерлерінің Венеция фестивалінде жеңімпаз атанған «Ұлықбек» деректі фильмі. Екіншісі - қазақстандық  кинорежиссер Бақыт Қайырбековтың фильмі. Ол Ұлы даланың түркі тектес халықтарының тарихын арқау еткен. Іс-шара барысында жиырмаға жуық фильм көрсетілмек», - деп атап өтті.
null 

Шараға Орталық Азия аймағының белгілі  документалистері, КСРО Мемлекттік сыйлығының лауреаты, режиссер  Шухрат Махмудов, өзбекстандық сценарист және кинотанушы Разика Мергенбаева, кинотанушы Садулло Рахимов, Тәжікстаннан режиссер және продюсер, ХКФ лауреаты  Орзумурод Шарипов, кинотанушы Гульбара Толомушова, Қырғызстаннан жас документалистердің көшбасшысы Жанышбек Дадабаев, режиссер Владимир Тюлькин,  режиссер Ануар Райбаев, кинотанушы Александра Лумпова, жас режиссер Евгений Лумпов қатысуда.

Форумның бірінші күні - өзбек, екінші күні - қырғыз бен тәжік,  ал соңғы күні қазақ фильмдері көрсетіледі.

null null 

 

Соңғы жаңалықтар