Алматыда өрт сөндірушілер қызыл жалыннан арбаға таңылған мүгедекті алып шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өрт сөндірушілер қызыл жалыннан арбаға таңылған мүгедекті алып шықты. Төтенше жағдай туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Алмалы ауданындағы «апатты медицина мен теміржол госпиталінің оқу және практикалық орталығының» астыңғы қабатында түтін шығып жатқаны туралы хабарлама 13 сәуір күні кешкі 19:34-те түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тұрмыстық заттардың өртенгенін хабарлады.

Өртті сөндіру кезінде мүгедектер арбасына таңылған адам мен 46 адам қауіпсіз жерге  көшірілді. Өрттен ешкім жапа шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар