Алматыда өрт сөндірушілер газ баллондарының жарылуына жол бермеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда шаруашылық құрылыс пен жапсарлас салынған моншаның шатыры өртеніп, жарылыс бола жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 20 қараша күні кешкі сағат 17:36 шамасында өрт сөндірушілер Бостандық ауданы Нұрлы жол көшесі, № 115 мекенжайына шақырту алды.

«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалпы алаңы 80 шаршы метр шаруашылық құрылыс пен жапсарлас салынған моншаның шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады . Жапсарлас салынған жеке тұрғын үйге оттың таралу қаупі төнді. Өрт орнынан 25 литрлік 11 газ баллоны, 50 литрлік 6 газбаллон эвакуацияланды, қабылданған шаралар бойынша газ баллондардың жарылысын алдын алды. Дереу өрт оқпандары беріліп, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды» деп хабарлады ведомствадан.

Өрт 20 минут ішінде ауыздықталып, сағат 18:16 кезінде сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Соңғы жаңалықтар