Алматыда өрт сөндірушілер ант қабылдады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өрт сөндіруші-құтқарушылар қызметіне жаңадан қабылданғандар ант қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Əскери қызметке жаңадан алынғандардың ант қабылдау рəсімі қаланың нөмірі № 5 өрт сөндіру бөлімінің алдында өтті.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, Ант қабылдайтын алаңның таңдалуында үлкен мəн жатыр. Дəл осы жерде қызметтік міндетін орындау кезінде құрбан болған өрт сөндірушілерге ескерткіш қойылған.

Биыл Алматы гарнизонының 55 жас қызметкері ант қабылдады. Мемлекеттің игілігі үшін əскери борышын адал өтеуге үндейтін Ант мəтінін мақтанышпен оқып, олардың жауапкершілікті сезінгені байқалып тұрды.
nullnull

ТЖД ардагерлер кеңесі төрағасы Амантай Малғождаров ардагерлер атынан сөз алды. «Ант - Отан алдындағы адал сөз. Погоннан бөлек иықтағы үлкен жүк, Отанға құрметті міндет тұр»,-деді Амантай Малғождаров.

Дəстүрлі мерекелік шара соңы саптық шеруге ұласып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

null

Соңғы жаңалықтар