Алматыда өрт сөндірушілер 8 жастағы қызды құтқарып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өрт сөндіруші 8 жастағы қызды өртенген пәтерден аман-есен алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай бүгін Медеу ауданындағы «Төлебаев көшесі, 37» мекенжайы бойынша орналасқан үйде болған.

Өрт сөндірушілер оқиғат орнына 7 минутта жеткен.

Белгілі болғандай, 4 қабаттағы пәтерлердің бірінде ас үй жиһазы өртенген.

Пәтерде 8 жастағы қыз бала болған. Өрт сөндіру қызметінің түтіннен қорғау звеносының қызметкерлері қою түтін арасынан 8 жастағы қызды аман алып шықты.

Өрт 12:04-те сөндірілді. Ешкім жапа шеккен жоқ.

Қалалық ТЖД өкілдері тұрғындарға кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауды ескертеді.

Соңғы жаңалықтар