+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда өрт шыққан үйден ана мен бала құтқарылды

2021 жылғы 15 қазан 14:55
Бөлісіңіз:
Алматыда өрт шыққан үйден ана мен бала құтқарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алмалы ауданындағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар пәтерден шыға алмай қалған анасы мен төрт жасар ұлын аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқрпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бақытжан Сағынтаев денсаулығына байланысты демалысқа шықты Алматыда 87 мың тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алады Алматыда әйелдерше киініп алған пәтер тонаушы ұсталды

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 14 қазан күні сағат 16:00- де ТЖД 101 пультіне Алмалы ауданындағы Тұрғыт Озал 57 мекен-жайы бойынша тұрғындардан өрт туралы хабарлама түсті.

«ӨСБ-14 өрт сөндіру бөлімшесі есептері бірінші болып келген сәтте, барлау жұмыстары барысында тұрғын үйдің бесінші қабатта орналасқан қою түтін, ашық жалынмен витражды балкон жанып жатқанын анықтады, өрт жанында орналасқан жиһазға таралып үлгерген. Баспалдақ алаңында жоғары температура, улы түтін пайда болып, пәтерлерден адамдар шыға алмай қалды»,- деп хабарлады ведомствадан.

Қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Рустам Уладиев құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру кезінде газ-түтіннен қорғау қызметінің жанып жатқан қабаттағы пәтерлерден адамдарды эвакуациялау туралы шешім қабылдады.

«Қалыптасқан жағдайға байланысты ӨСБ-1 (өрт сөндіру басшысы) жеке құрамға жабылып тұрған есікті ашу және адамдарды шығарып алып туралы команда берілді. Аға өрт сөндіруші Әділмұрат Сабыржан мен Әбен Талант пәтерге қамалып қалған Е. Жанботаева мен оның төрт жасар ұлын құтқарды. Бақытымызға орай, құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады»,- деп толықтырды департаменттен.

Өрт 7 минут ішінде ауыздықталып, 16:38-де толық сөндірілді.

Оған екі өрт сөндіру бөлімшесі, 5 автотехника, жеке құрамның 17 адамы жұмылдырылды.

Қабылданған шаралардың арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT