Алматыда өркениетті сауда қалыптасатын болады - А.Есімов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бұл пікірді қала басшысы Солтүстік айналым бойындағы базарларды ретке келтіру жұмыстарымен және болашақ сауда үйлерінің эскиздерімен танысу барысында айтты.

Шаһар басшысы қазіргі заманғы сауда орындарының жобаларын ұсынған базар басшыларымен кездесіп, базарларды модернизациялау жұмыстарын аяғына дейін жеткізу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа сауда орындарында қауіпсіздік пен санитарлық нормалар, сондай-ақ сауданы өркениетті жүргізу нормалары да қатаң сақталатын болады. Заңсыз жұмыс істегендіктен сүрілген базарлардың орындарында көлік дәліздері, паркингтер мен жер асты жүргінші жолдары пайда болады. Жақын арада бұл аймақ абаттандырылады. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір соттың шешімі бойынша Алатау мен Жетісу аудандарында 11 базар сүрілді. Тағы да 4 базар сүріліп, бір базарды бұзу үшін сот шешімі күтілуде.

Соңғы жаңалықтар