Алматыда оннан аса автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда Тимирязев көшесіндегі BRT желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Тимирязев көшесінің бойында Гагарин даңғылынан бастап Байзақов көшесіне дейін қоғамдық көлік қозғалысы 28 тамыз сағат 21.00-ден 29 тамыз 06.00-ге дейін уақытша тоқтатылады. 

Автобустар мен троллейбустардың қозғалыс бағыты төменде көрсетілген сызба бойынша жүзеге асады. 
№124, 32, 45 - Жандосов - Жароков - Бұқар жырау - Байтұрсынов - Тимирязев көшелерінен әрі қарай бұрынғы сызба бойынша тура бағытта; Тимирязев - Байзақов - Бұқар жырау - Жароков - Жандосов көшелерінен кейін бұрынғы жолымен кері бағытта жүреді. 

№ 30 - Байтұрсынов - Бұқар жырау - Жароков - Бәсенов - Гагарин көшелерінен әрі қарай бұрынғы сызба бойынша тура және кері бағытта жүреді. 

№ 70 - Розыбакиев - Жандосов - Жароков - Бұқар жырау- Байтұрсынов - Тимирязев көшелерінен әрі қарай бұрынғы сызба бойынша тура бағытта; Тимирязев - Байзақов - Бұқар жырау - Жароков - Жандосов - Розыбакиев көшелерінен кейін бұрынғы жолымен кері бағытта жүреді.

№ 79 - Жандосов - Жароков- Бұқар жырау - Байтұрсынов көшелерінен әрі қарай бұрынғы сызба бойынша тура бағытта; Тимирязев - Байзақов - Бұқар жырау - Жароков - Жандосов көшелерінен кейін бұрынғы жолымен кері бағытта жүреді.

№ 18 - Манас - Бұқар жырау - Жароков - Өтепов көшелерінен әрі қарай бұрынғы сызба бойынша тура бағытта; Өтепов - Жароков - Бұқар жырау көшелерінен кейін бұрынғы жолымен кері бағытта жүреді.

№ 123 - Манас - Бұқар жырау- Жароков - Бәсенов - Гагарин көшелерінен әрі қарай бұрынғы сызба бойынша тура бағытта; Гагарин - Бәсенов - Жароков - Жандосов көшелерінен кейін бұрынғы жолымен кері бағытта жүреді.

№ 22 - Жандосов - Әуезов көшелерінен әрі қарай бұрынғы сызба бойынша тура және кері бағытта жүреді. 

№ 56 - Жароков - Бұқар жырау - Әуезов көшелерінен әрі қарай бұрынғы сызба бойынша тура және кері бағытта жүреді. 

№ 98 - Гагарин - Бәсенов - Жароков - Жандосов көшелерінен әрі қарай бұрынғы сызба бойынша тура және кері бағытта жүреді.

№ 1, 7, 9, 11 троллейбустарының қозғалысы 29 тамыз күні сағат 21.00 -ден 06.00-ге дейін тоқтайды.


фото:alatransit.kz

Соңғы жаңалықтар