Алматыда онкологтар америкалық технологияны қолданып 5 күрделі ота жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы онкологиялық орталығының дәрігерлері америкалық үздік технологияны қолдана отырып, 5 адамға күрделі ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, ота жатыр мойны, сүт безі, асқазан-ішек қатерлі ісігімен ауыратын науқастарға жасалды.

Ота кезінде онколог дәрігерлер арнайы ерітіндіні енгізгенде іштегі зақымданған тұстарды анық көруге мүмкіндік туды. Арнайы ерітінді белгілі бір спектрде ішті жарықтандыруға мүмкіндік береді.

Соның арқасында зақымданбаған сау клеткаларды кесіп тастамауға мүмкіндік туды.

«Егер бұрын сүт безі қатерлі ісігін алғанда қолтық асты бездері, түгел сүт безі алынып тасталса, қазір сүт безін сақтап қалу мүмкіндігі туды. Органның барлық клеткалары экран арқылы көрініп тұрады. Осылайша лимфостаз процесінің болдырмауға болады. Себебі, лимфа безін алып тастағанда, лимфа сұйықтығы еш жаққа ағып кете алмай, ағзада тұрып, ісінуге әкеледі», - деді Орталықтың хирургиялық бөлімнің меңгерушісі Нұрлан Балтаев.

Бұл озық технологияның көмегімен кез-келген ота жасауға болады.

Онкологиялық орталықтың бас дәрігері Нұрсұлтан Ізмағамбетовтың айтуынша, мұндай ота Қазақстанда бірінші рет жасалып отыр.

Орталық басшылығы бұл жабдықтарды келесі жылы сатып алмақ.

Соңғы жаңалықтар