+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім деңгейі төмендеді

2021 жылғы 8 қазан 08:59
Бөлісіңіз:
Алматыда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім деңгейі төмендеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім деңгейі 10%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда әлеуметтік көмек пункті салынып жатыр Алматы метрополитені 8 пойызбен толықты Алматы коронавирустың қауіпті «Омикрон» жаңа штамына дайын ба

Онкологиялық орталықтың бас дәрігері Нұрсұлтан Ізбағамбетовтің айтуынша, 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мегаполисте өлім-жітім 10%-ға дейін төмендеді.

«Алматыда онкологиялық аурулар ерте кезеңде жиі анықтала бастады. Қатерлі жаңа өскіндерді, соның ішінде, Ковид-19 инфекциясы бар пациенттерді КТ-ға жіберу есебінен ерте бастан диагностикалау ұлғайды. Өлімнің төмендеуі Алматы қаласындағы онкологиялық аурумен ауратындарды емдеуді толығымен қамтуға байланысты. Жыл басынан бері Орталықта 13 мың пациент емделіп шықты, бұл дегеніміз, өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға дейін жоғарылау»,- дейді дәрігер.

Биыл онкологиялық ауруға шалдыққан 3317 пациент есепке алынды.

Статистикалық деректер бойынша Алматы қаласында сырқаттанушылық құрылымында бірінші орында сүт безі обыры, екінші орында колоректальды обыр, үшінші орында өкпе обыры, төртінші орында- асқазанның қатерлі ісігі, бесінші орында аналық бездің қатерлі ісігі тұр.

« 30 қатерлі ісігінің 5 нозологиясы 55 пайызы, яғни жартысы өлімге әкеп соғады. Оны төмендету үшін, барлық диагностикалық және емдеу шараларын мегаполисімізде қатерлі өскіндерден орын алатын өлім-салдары рейтингі басында тұрған 5 нозологияны емдеуге белсенді түрде бағыттауымыз қажет», - деді Нұрсұлтан Ізбағамбетов.

Сонымен қатар, ол орталыққа науқастар еліміздің барлық аймағынан келетінін тілге тиек етті.

«Бүгінгі күні еліміздің басқа аймақтарынан келген 560 онклогиялық аурумен ауыратындар қайта тіркелді, бұл дегеніміз, өткен жылмен қарағанда екі есеге өскендігін көрсетеді. Олардың арасында, өкінішке орай әр 5-пациент асқынған қатерлі ісікпен медициналық көмекке жүгінген»,- дейді дәрігер.

Маман халықты скринингтік тексеруден өтуге шақырады.

«Алматы қаласының тұрғындарын бекітілген қала емханалары бойынша тегін скринингтен өтуге шақырамыз. Скринингтен өту - бұл симптомсыз қатерлі ісік ауруын ерте кезеңде анықтаудың тиімді әдісі. Өйткені науқасқа ем неғұрлым ерте тағайындалса, толық сауығу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады», - деп атап өтті Нұрсұлтан Ізбағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT