Алматыда Онкология орталығында ашық есік күні өтеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматы қаласындағы Онкология орталығында ашық есік күні өтеді. Бұл шара Дүниежүзілік меланома және тері қатерлі ісігіне қарсы күрес күні аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, 26 мамыр –Дүниежүзілік меланома және тері қатерлі ісігіне қарсы күрес күні. Осыған байланысты ертең сағат 09.00 - 13.00 аралығында Алматы онкологиялық орталығында тері обырын ерте анықтау мақсатында ашық есік күні өтеді.

Орталық мәліметінше, бүгінгі күні 3,5 мыңға жуық адам тері қатерлі ісігі диагнозымен Алматы онкологиялық орталығында есепте тұр. Мегаполисте жыл сайын 1 мыңға жуық жаңа жағдай анықталады.

Онколог Ерлан Әсетілланың айтуынша, қатерлі ісіктің бұл түрі тез және агрессивті дамуымен ерекшеленеді.

Сонымен қатар ол тері обыры бастапқы кезеңінде ісіктің пайда болуы немесе бар меңнің түсі, өлшемі мен пішінінің өзгеруі сияқты белгілерінен көрінетінін атап өтті.

«Егер адамның бетінде және денесінде жаңа невус пайда болса немесе бар меңдерінің түсі, пішіні өзгеріп, ұлғая бастаса, дәрігерге жүгінуі керек», - деді онколог.


Соңғы жаңалықтар