+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Алматыда онкоинститутта жатқан 14 науқас пен төрт қызметкерден коронавирус анықталды

2021 жылғы 4 мамыр 16:10
Бөлісіңіз:
Алматыда онкоинститутта жатқан 14 науқас пен төрт қызметкерден коронавирус анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының 14 пациенті мен төрт қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында тамақтану объектілері тәулік бойы жұмыс істей алады Шымкентте 65 жастан асқандардың қалада жүруіне шектеу қойылды – Қаулы Коронавирустан соңғы бір күнде тағы 22 науқас қайтыс болды

«Бүгінгі күні Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында науқастар арасында коронавирус инфекциясының 14 және қызметкерлер арасында ПТР тесті оң көрсеткен төрт жағдай тіркелді. Қазіргі уақытта аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, алдын алу шаралары қабылданды», - дейді Әсел Қалықова

Оның айтуынша, коронавирус анықталған науқастар қаладағы жұқпалы аурулар ауруханаларына ауыстырылды.

«Коронавирус анықталған Онкологиялық орталықтың бөлімі жабылды. Яғни, осы мекемеге медициналық көмек көрсету үшін науқастарды жоспарлы қабылдау тоқтатылды. Жағдай бақылауда және жоспардан тыс тексеру жалғасуда», - деді спикер.

Сонымен қатар, ол медициналық мекеменің мәртебесі республикалық екенін атап өтті.

«Онда Қазақстаның барлық аймағынан келеді. Медициналық мекемеге қабылданғандардың барлығында ПТР тесті нәтижесі болды, қазір тестілердің қолжетімділігі тексеріліп жатыр. Яғни ПТР тесті шынымен өткен, өтпегені анықталады. Бұл мекемеде санитарлық-эпидемиологиялық режимнің қандай бұзушылықтары бар, тексеру нәтижиелері көрсетеді «, - деді Әсел Қалықова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT