Алматыда өнеркәсіптік кәсіпорындар 1 млрд теңгеден астам төлем төлеген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өнеркәсіптік кәсіпорындар қоршаған ортаға бөлінген зиянды заттары үшін 1 млрд теңгеден астам төлем төлеген, деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметінде қалалық Экология департаментінің басшысы Орман Аққозиев айтты.

Оның мәлімдеуінше, былтыр табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға келтірген зияны үшін 1 млрд 263 млн теңге төлеген.

«2017 жылы табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2017 жылы - 1 263 млн теңге, ал 2016 жылы - 1 161 млн теңге көлемінде төлемдер жүргізген», - деді ол.

Маман табиғат қорғау іс-шараларының талаптарын сақтау мен орындауда оң үрдіс байқалатындығын жеткізді.

«2017 жылы қалалық бюджеттен табиғат қорғау шараларына 6  млрд 545 млн 882 мың теңге бөлінді. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын іс-шаралардан бөлек, 2017 жылы қала кәсіпорындары өз қаражаты есебінен 2 млрд 830 млн 000 мың теңге қаржыны экологиялық мақсатта жұмсаған. Былтыр 3 млрд 360 млн 257 мың теңгеге қоршаған ортаны қорғау шаралары орындалды», - деді О.Аққозиев.

Фото: newmarketautobody.org

Соңғы жаңалықтар