Алматыда өнеркәсіп нысандары іске қосылуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өнеркәсіп нысандарының жұмысы қалпына келуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабында мәлім еткендей, Алматы қаласындағы 120 кәсіпорынның 76-сы жұмыс істеп тұр.

11-19 қаңтар аралығында 44 кәсіпорынның іске қосылуы жоспарланып отыр. Оның ішінде тамақ өнеркәсібінде - 21 кәсіпорынның 18-і, құрылыс индустриясында - 20 кәсіпорынның 10-ы, машина жасауда – 14 кәсіпорынның 7-і, сусындар өндірісінде - 12 кәсіпорынның 9-ы, химия өнеркәсібінде – 10 кәсіпорынның 3-і, жиһаз өнеркәсібінде – 8 кәсіпорынның 3-і, фармацевтикада – 8 кәсіпорынның 6-ы, металлургияда – 8 кәсіпорынның 7-і, қағаз өндірісінде – 7 кәсіпорынның 6-ы, жеңіл өнеркәсіпте – 6 кәсіпорынның 4-і, полиграфияда - 6 кәсіпорынның 3-і.

Деструктивті тұлғалардың әрекеттерінен 2 кәсіпорын - «БРБ АПК» ЖШС және «Либелла Боттлерс» зардап шекті, залал есептелуде.


Соңғы жаңалықтар