+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда ондаған үйге суық су беру тоқтатылды

2014 жылғы 22 желтоқсан 14:40
Бөлісіңіз:
Алматыда ондаған үйге суық су беру тоқтатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда апатты-жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірнеше тұрғын үйге суық су беру тоқтатылды.

Бұл туралы «Алматы су» холдингінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Атап айтқанда, Молдағұлов, Мақатаев, Панфилов, Байтұрсынов, Филатов, Багратион, Успенский, Кулибин, Меркулов, Шашкин, Жандосов көшелерінің бойындағы үйлер суық судан ажыратылды. Аталған үйлерге суық су кешкі сағат 18:00-ге дейін беріледі», - деді баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 желтоқсанда жаңа су құбырын қосуға байланысты бірқатар тұрғын үйлер мен мемлекеттік мекемелерге суық су беру тоқтатылады.

Білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне су сырттан жеткізілетін болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT