Алматыда ондаған кәсіпкерді алдаған алаяқ әйел ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының 31 жасар тұрғыны, ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлерді тауарларын өткізіп беремін деп алдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алаяқ әйел, алматылық кәсіпкерлерді тауарын өткізіп беремін деп алдап кеткен.

«Ол өзінің құрбандарын интернет- дүкендер арқылы тауып отырған. Ол әлеуметтік желі арқылы кәсіпкерлерге тауарларын тез арада өткізіп беремін деп сендірген. Саудагерлер әйелге ойланбастан жарты млн теңгенің тауарын ұстата салған. Арада біраз уақыт өтеді. Әйел айтқан уәдесінде тұрмайды. Сатылған заттардың ақшасын өз қалтасына басқан. Полицияға бұл азаматшаның үстінен 10-нан астам арыз келіп түсті»,- дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.


Соңғы жаңалықтар