Алматыда «ОҢАЙ» терминалдарында ақпарат екі тілде шығатын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «ОҢАЙ» терминалдарында ақпарат екі тілде шығатын болды, деп хабарлады «Алматы көлік холдингі» ЖШС баспасөз қызметі.

«Қоғамдық көлікте жүруге арналған «ОҢАЙ» терминалындағы ақпарат енді қазақ тілінде де шығатын болды. Бұған дейін ақпарат тек орыс тілінде шығатын», - деді баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, жаңа электронды билеттендіру жүйесі қаланың барлық қоғамдық көліктерінде 1 қазаннан енгізілген болатын. Жолаушылар «ОҢАЙ» арнайы картасы арқылы ақы төлейтін болады. Айналымдағы ақшаны жоюға бағытталған жаңа жүйе 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап толық күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар